Облыстық көпбейінді №2 ауруханасы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Манас к-сі, 22
+7 (7172) 99 96 44
+7 (7172) 54 89 09
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Бүгін халықаралық медбикелер күні.


Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні (International Nurses Day) атап өтіледі. Бұл күні ақ халатты абзал жанды медбикелерге құрмет көрсетіліп, олардың еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Медбикелердің кәсіби мерекесі дәл осы күні тектен текке атап өтілмейді. Бұл күні Англия елінің азаматшысы, медбике Флоренс Найтингейл (Florence Nightingale) дүниеге келген. Ол Қырым соғысында (1853—1856) өзі сияқты медбикелердің басын қосып, дүние жүзі бойынша тұңғыш қайырымдылық қызметін ашты. Қайырымдылық қызмет аясында олар соғыс кезінде жараланған азаматтарға алғашқы медициналык көмек көрсетіп, ем-дом шараларын өткізген. Медбикелер тәулік бойы Түркия мен Қырым ауруханаларында оққа ұшқан жауынгерлерді емдеп, өлімнен арашалап, аяқтарына тұрғызған. Игі көмектері үшін оларға әр кез құрмет көрсетіліп, орасан зор алғыс білдірілетін. Флоренс Найтингейл 1860 жылы  алғашқы медбикелердің қайырымдылық мектебін ашты. В 1934 жылы Ф. Найтингейл атындагы Халыкаралык фонд курылыды. Содан бері  жыл сайын атап өтілетін мерекеге айналды. Бірақ, 1965 жылдың қаңтар айында ғана бұл күн ресми түрде тіркеліп, дүниежүзілік мәртебеге ие болды.  Ол XX ғасырдың басында консервативті Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, осы салада медбикелер қызметінің ашылуына себеп болды.

Құрметті мейірбикелер! Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, міндетін мінсіз атқарып жүрген баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ұлт денсаулығын нығайту жолында мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, халықтың қошеметіне бөленіп, бірлесіп еңбек ете берейік! Ізгі тілекпен көпсалалы облыстық аурухана ұжымы.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу