Облыстық көпбейінді №2 ауруханасы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), Манас к-сі, 22
+7 (7172) 99 96 44
+7 (7172) 54 89 09

Науқасты қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі


Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі - (бұдан әрі- ПҚ және ІБҚ) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№ 2 көпбейінді облыстық аурухана» МКК дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Қызметінің негізгі міндеттері:


  • «№ 2 көпбейінді облыстық аурухананың» медициналық көмек сапасын басқару бойынша қызметін үйлестіру;
  • пациенттің сұрау салулары мен күтулерін қанағаттандыруға бағыттау;
  • көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағыттылығы;
  • пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтер көрсету кемшіліктерін төмендету;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәртібін, пациент пен отбасының құқықтарын сақтау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-құқықтық актілердің және денсаулық сақтау саласындағы талаптарын сақтау;
  • әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру процесіне қатысуын ынталандыру;
  • медициналық қызметтердің сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуге жүйелі көзқарас.

Егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, қызметі бөліміне жүгініңіз. Бөлім сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.


Сіз өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді  бірінші қабаттағы кіреберісте жәшігіне қалдыра аласыз.


Біз сіздің ауруханада медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңізге, ескертулеріңізге және ұсыныстарыңызға ризамыз.


Біздің байланыстар:


Нұр-Сұлтан қаласы, Манас көшесі, 22 үй. 


Телефон: 8 (7172) 45-74-03.


Біздің пошталық мекен-жайымыз: sppvk@bk.ru


Бөлім басшысы - Жакишева Атыркуль Нурмахановна





Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу