2026 жылдың 27 наурызында №2 Көпбейінді облыстық аурухана директоры Бюрабеков И.Д. пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Жәкішева Әтіркүл Нұрмаханқызын марапаттады.
Жәкішева Әтіркүл Нұрмаханқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеясын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік еңбек адамы» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.
Осы жетістігі үшін ол «Қазақстанның үздік еңбек адамы» медалімен марапатталды.



KZ

