Skip to content

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына олардың жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері және табыстарынан тәуелсіз түрде медициналық және дәрілік көмекке бірдей қолжетімділікті кепілдік етеді.

Міндетті әлеуметтік медциналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласында халықтың мүдделерін олар ауырғанда, зақымданғанда, жүкті болу және босанғанда, мүгедек болу және қартайған жағдайда әлеуметтік қорғау нысаны.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

АтауыЖүктеу
12026 жылы МӘМС кімдер үшін қолжетімді болады
2Әр науқасқа күтім жасау. МӘМС үшін төлеу бойынша
3Динамикалық бақылауда тұрған пациенттерді МӘМС жүйесіне тарту алгоритмі
4Пациенттің құқығын қалай қорғайды

Маңызды ақпарат!


❓МӘМС ЕСЕБІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Алдымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелгеніңізді тексергеніңіз абзал. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы керек.

Егер сіз емханаға тіркелмеген болсаңыз, оған міндетті түрде уақыт бөліңіз. Себебі онсыз дәрігердің қабылдауына, диагностика өтуге, медициналық көмектің өзге де түрлеріне жолдама ала алмайсыз.

Екіншіден, емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз.

Үшіншіден, дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға жолдама береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ.