Коронавирустық инфекциясының екінші толқынына дайындық
![](https://files.medelement.com/uploads/co/936519911461208814/information/2f0302b12ee581811460a6c664a89d7f.jpg)
«№2 Көпбейінді облыстық ауруханасы» коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық мақсатында 40 төсек орындық инфекция бөлімі ашылды, құрамында 4 реанимациялық төсек орын. Қазіргі таңда Ақмола облысының тұрғындарына инфекцияға қарсы күресумен және науқастарды емдеумен жоғары дәрежелі медицина қызметкерлері анестезиолог-реаниматолог, пульмонолог және инфекционист мамандары жұмыс атқаруда. Медициналық құрал жабдықтармен (ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер, оттегі концентраторлары, дәрілік препараттар) толық дәрежеде қамтамассыз етілген.