АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу
АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу мәселесі бойынша медицина қызметкерлерінің ақпараттану деңгейін арттыра отырып, АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау болып табылды.
АИТВ жұқтырған әйелден жүктілік, босану кезінде немесе емізу кезінде балаға АИТВ жұқпасының берілуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешені «Анадан балаға берілудің алдын алу» (АББА) терминімен белгіленеді. АББА-ның басты міндеті – бұдан әрі уақытында араласу үшін әйелдердегі АИТВ-ы статусты анықтау. Сондықтан барлық жүкті әйелдерге АИТВ-ға дер кезінде тексерілуге кеңес беріледі. Қолданыстағы ережеге сәйкес жүкті әйелдер АИТВ-ға есепке тұрарда және 28-30 апта (2 рет тексерілу) мерзім кезінде тексеріледі. Босандыру үйіне АИТВ жұқпасына 2 рет тексерілу нәтижесінсіз немесе егер 1 рет тексерілгеннен кейін 3 аптадан артық уақыт өткен соң келген немесе айырбас картасынсыз (обменная карта) түскен жүкті әйел АИТВ-ға алдын ала экспресс-тест қою арқылы тексеріледі. Жүкті әйелдерге кеңес беру мен АИТВ-ға тестілеу, балаларды АИТВ жұқпасынан алдын ала сақтандыруға арналған маңызды рәсімдер болып табылады. Оның үстіне болашақ баланың әкесінің АИТВ статусын анықтау алдағы уақытта ана мен баланың денсаулығын сақтап қалуда маңызды роль атқарады, сондықтан медицина қызметкерлеріне жүкті әйелмен қатар оның жыныстық серіктесіне де АИТВ-ға тексеру жүргізу ұсынылады. Алдын алу шаралары болмаған жағдайда және емшекпен емізу кезінде АИТВ-ның анадан балаға берілу қауіптілігі 35%-ды құрайды. Алдын алу бағдарламаларын енгізу емшекпен емізуді сақтау кезінде 5%-ға дейін және оны жасанды тамақтандырумен ауыстыру кезінде 2%-ға дейін берілу қауіптілігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ енді сіздердің денсаулық туралы қамқорлықтарыңыздан болшақтарыңыз ғана байланысты емес. Дәрігерге баруды, дәрі-дәрімек қабылдауды немесе анализ жасатуды жібермеңіздер. Егер сіз қатты науқас болсаңыз, балаларыңызға не болатыны сізді мазалайтын шығар. Бұл қалыпты жағдай, АИТВ статусына қарамай, ешкім де бұндай жағдайдан қорғалмаған. Дей тұрғанмен де сіздің отбасыңыз өзіңіздің қалауыңыз бойынша соншалықты берік болады, тіпті АИТВ-да кедергі бола алмайды!