№2 көпбейінді облыстық ауруханасы

Қазақстан, Астана, Манас к-сі, 22
+7 (7172) 69 71 93
+7 (7172) 69 71 92
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Факторы инсульта


Өлім саны бойынша миокард инфарктісінен кейінгі инсульт әлемде екінші орында тұр.

Инсульттің қауіп факторлары

🔽 Бақыланбайтын қауіп факторлары: егде жас, тұқым қуалаушылық.

Бақыланатын қауіп факторлары:

🔸 жоғары қан қысымы-160/90 мм сынап бағанасынан жоғары тамырлы апаттың ықтималдығы төрт есе арттырады, ал қысым 200/110 мм сын. бағ.- он есе;

🔸 темекі шегу каротид артерияларының атеросклерозының жедел дамуына байланысты тамырлы апаттардың даму ықтималдығын екі есе арттырады;

🔸 жалпы холестериннің жоғарлығы мен төмен тығыздықтағы липидтердің  деңгейі ми қан айналымының жедел бұзылуының жанама қауіп факторы болып табылады: атеросклероздың дамуы олармен байланысты;

🔸 алкогольді көп ішу инсульт қаупін үш есеге дейін арттыруы мүмкін;

🔸 өмір салты факторлары (дұрыс емес тамақтану; артық салмақ; жеткіліксіз физикалық белсенділік; психоэмоционалды стресс).

Келесі белгілерге назар аудару керек:

  •  Кенеттен пайда болған әлсіздік және қолда, аяқта, бетте сезімталдықтың жоғалуы. Бұл белгілер көбінесе дененің бір жағында (оң немесе сол жақта) кездеседі.
  •  Сөйлеу кезінде қиындық тудыратын сөйлеу бұзылысы.
  •  Жедел дамыған көру бұзылысы (төмендеу немесе жоғалту).
  •  Толық аман-саулық және жақсы көңіл-күй аясында дамитын қарқынды бас ауруы.
  •  Сананың бұзылуы – орнында және уақытында бағдардың бұзылуымен, есте сақтау қабілетінің төмендеуімен сипатталады.
  •  Жүрек айнуы мен құсу, жүру кезінде тұрақсыздық, жұтынудың қиындауы
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу