Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі (ПҚҚ)?
📌Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.
📍Сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізе алады.
📍Ішкі сараптама медициналық ұйымның өзінде жүзеге асырылады, ол үшін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері (ІСҚ) құрылады.
⁉ Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті қандай?
✅ ПҚҚ-нің міндеті көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын сараптау, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Бұл өтініштер мен шағымдарды қарау, пациенттердің медициналық қызметтерді алу процесінде туындаған жағдайларды реттеу ПҚҚ-нің міндетіне кіреді.
Пациент қай кезде ПҚҚ-ға хабарласа алады? Егер... ⬇
✔сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етсе
✔сізді учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартса ✔учаскелік дәрігер / медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық қағидат бойынша бекітілген болсаңыз да, үйге шақырту қызметін көрсетпесе
✔сіз бейінді маманнан кеңес ала алмай жүрсеңіз, себебі ол дәрігер жоқ немесе қабылдауға бір айға толық жазылған болсаңыз
✔сізге денсаулығыңыздың көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілілмесе
✔жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса
✔дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса, өзін талапқа сай ұстамаса
✔сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз
✔егер сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданатын болсаңыз
✔сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе тіркелімдерді анықтаған болсаңыз
✔жалпы, сізді медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмаса пациентті қолдау қызметіне хабарлассаңыз болады
📌 Көптеген жағдайлар жазбаша өтініш беруді қажет етпейді, бірақ пациенттің қолдау қызметі қызметкерінің іс-әрекеттерінің арқасында сол жерде шешіледі.