Облыстық көпбейінді №2 ауруханасы

Қазақстан, Астана, Манас к-сі, 22
+7 (7172) 99 96 44
+7 (7172) 54 89 09
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Дүниежізілік инсультпен күрес күні

29- қазан-Дүниежізілік инсультпен күрес күні.

Жыл сайын инсульт бірнеше миллион жанды о дүниеге аттандырып жатыр. 

Инсультты дер кезінде анықтай білсе, оның салдарынан туындайтын көптеген проблемалардың жолын кесуге болады. Инсульттан кейінгі 3-6 сағат, яғни «терапиялық терезеде» – медициналық көмектің пайдасы орасан зор. Бірақ, көптеген адамдар инсульттің алғашқы белгілеріне назар аудармай, өте шығатын тағы бір бас ауруы ғой деп қабылдап, маңызды сағаттарын желге ұшырып жатады. Сол себепті, бұл аурудың алғашқы белгілерін білу өте маңызды.

Инсульттің негізгі белгілері:

- бірден бас қатты ауырады; 

- адам есінен танады

- тепе-теңдіктi ұстау мүмкін емес, адам нық жүре алмайды;

- бір жақ толығымен ұйып қалады;

- сөйлеуде қиындықтар болады, бірде-бір сөзі түсінікті болмауы мүмкін;

- көздің көруі нашарлайды, кейде екі көз де көруден қалады;

Өкінішке қарай, инсульттің қаупін нөлдік деңгейге жеткізу мүмкін емес. Профилактикалық шаралардан бөлек, инсульт қалай келетінін және жедел қандай шаралар қолдану керегін кез келген адам білу керек. Өзіңізге не жақын туысыңызға көмегіңіз тиіп қалуы ғажап емес.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу